Үкімет

Қазақстанда тау-кен кешені белсенді цифрландырылуда – министр

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында тау-кен кешенін цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол есепті жылы азаматтар мен ұйымдарға тау-кен саласында 15 мемлекеттік қызмет қолжетімді болғанын, оның 14-і онлайн-форматта екенін атап өтті. Бір жыл ішінде барлығы 979 млн қызмет көрсетілді, оның 919 млн-ы электронды түрде, бұл жалпы санның 87,6%-н құрайды.

Келесі мемлекеттік қызметтер үлкен сұранысқа ие болды:

- Тау-кен және химиялық өндірістерді пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру. Барлығы 462 қызмет көрсетілді;

- Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе одан тыс жерлерде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат беру. Барлығы 437 қызмет көрсетілді;

- Геологиялық және (немесе) тау-кен бөлімдерін беру және қайта ресімдеу. Барлығы 55 қызмет көрсетілді.