Қазақстанда алғашқы АЭС салынатын орын белгіленді
Үкімет өз қаулысымен Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу орнын ресми түрде бекітті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстанда атом станциясын салатын орынды бекіту туралы Үкімет қаулысы ресми нормативтік актілер базасында жарияланды.
«Ядролық қондырғы – «Атом электр станциясы» құрылысын жүргізу орны ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы белгіленсін», - делінген құжатта.
Премьер-министр Олжас Бектенов 30 желтоқсанда құжатқа қол қойған. Дегенмен бұйрық 25 ақпанда жарияланған күні күшіне енді.
Айта кетейік, 8 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қазақстанда атом электр станциясын салуды тездетуді ұсынған еді.