Үкімет

Жол ақысы 500 теңгеге көтеріле ме: вице-министр пікір білдірді

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі алаңында белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Баға 500 теңге болуы керек. Әрине қоғамдық көліктер қызметі тұрғындардың көп бөлігіне арналғандықтан, баға бірден көтерілмейді. Қоғамдық көліктер бағасы өскен жағдайда мемлекет те қолдау көрсететін болады», - деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Ал Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин егер қандай да компаниялар тарифті көтергісі келсе, бұл оның өз еркінде, яғни коммерциялық шешімі екенін айтты.