Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, ол бұған дейін ҚР Премьер-министрінің орынбасары лауазымында болды.