Серік Жұманғарин жаңа қызметке тағайындалды
Серік Жұманғарин ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, - делінген хабарламада.
Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.