Саясат Нұрбек өз лауазымын сақтап қалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
1981 жылы 18 мамырда Семей қаласында дүниеге келген.
Қазақстан және шетелдік деңгейде түрлі салада білім алған: Маршаллтаун колледжін (АҚШ) саясаттану мамандығы бойынша, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша (2004), La Sapienza (Италия) университетін геополитика магистрі дәрежесінде, «Көкше» академиясын психология бакалавры бойынша тәмамдады.
АҚШ, Сингапур, Бельгия, Жапония, Голландияда тағылымдамадан және біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
Еңбек өтілін студенттік кезден бастаған. АҚШ-та тағылымдамадан өту кезінде Конгресстің орталық сайлау штабында, сондай-ақ президенттік кампанияда жұмыс істеді.
2000-2001 жылдары конгрессмен Марк Смит көмекшіcі (АҚШ), Айова штатының үкіметінде (АҚШ) қызмет атқарған.
2002-2004 жылдары Қазақстанның жастар саясатының іске асырылуына белсенді қатысты.
2006-2009 жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ инвестициялық жобалар саласында жұмыс істеді, ҚР Президенті Әкімшілігінің кадр саясаты секторының меңгерушісі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының халықаралық ынтымақтастық және ғылым жөніндегі проректоры, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ департамент директоры, кадр саясаты және басқару жөніндегі атқарушы директор болып қызмет атқарды.
2009 жылы Президент жанындағы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің директоры болып тағайындалды.
2010 жылдың қараша айынан 2013 жылдың қыркүйегіне дейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті қызметін атқарды.
2013-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясының қоғамдық саясат институтының директоры болып жұмыс істеді.
2015-2016 жылдары Алматы қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің бастығының міндетін атқарушысы болды.
2016 жылдың шілдесінен бастап Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры, басқарма мүшесі болып тағайындалды.
АХҚО басқарушы директоры (2016-2017 жж.).
BTS Digital директоры, BTS Education бас директоры (2018-2022 жж.)
Парламент Мәжілісінің депутаты (25.02.2022 - 14.06.2022 жж.).
2022 жылғы 11 маусымда Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды.
-->Мемлекет басшысының Жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.