Тағайындау

Сауда комитетіне жаңа төраға тағайындалды

Айдар Әбілдабеков Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. 

Айдар Әбілдабеков 1970 жылы дүниеге келген.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы коммерциялық құрылымдарда бастады, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

1998-2009 жылдары ҚР кеден органдарында инспектор, аға инспектор, бас инспектор, кеден бекеті бастығының орынбасары, бөлім бастығы болып қызмет атқарған.

2010-2022 жылдары ҚР статистика органдарында жұмыс істеген: Статистика агенттігінің Қызмет статистикасы басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша статистика департаменті бастығының орынбасары болды, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы, Алматы қаласы бойынша Статистика департаменттерін басқарды.

2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

-->