Президент ҰҚК төрағасының орынбасарларын тағайындады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Алмас Наймантаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.