Тағайындау

Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Серік Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.