Тағайындау

Олжас Бектенов Ұлытау облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың қарауына облыс әкімі лауазымына Дастан Рыспеков пен Ұлантай Үсеновтің кандидатураларын ұсынды.

Ашық дауыс беру нәтижелеріне сәйкес 64 депутаттың 49-ы Дастан Рыспековтің кандидатурасын қолдады, 15 депутат өз дауыстарын Ұлантай Үсеновке берді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Дастан Адайұлы Рыспековті Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.