Оқу-ағарту министрі тағайындалды
Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, - делінген Ақорда хабарламасында.
Жұлдыз Сүлейменова 1983 жылы дүниеге келген.
Ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII және VIII шақырылымдарының депутаты болды. PhD докторы, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі.
Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі болған Ғани Бейсембаев лауазымынан босатылған болатын.