Мағзұм Мырзағалиев жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Рустам Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.