Тағайындау

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.