Тағайындау

ҚХА төрағасының жаңа орынбасарлары тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Расул Сурмалиевич Ахметов және Дмитрий Валерьевич Останькович Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды, - делінген хабарламада.

Ал бұған дейін бұл қызметті атқарған Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин ҚХА төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды.