Ермек Көшербаев Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды
Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.
Ол бұған дейін атқарған Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Ермек Көшербаев 1965 жылы 2 мамыр Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тарихшы мамандығы бойынша бітірген. КСРО СІМ Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша тәмамдаған.
Сыртқы істер министрлігінде және елшіліктерде бірқатар лауазымда істеген.
«ҚазТрансОйл», «ҚазМұнайГаз», «KazEnergy» компанияларында басшылық қызметтер атқарған.
Әр жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасары, Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Сыртқы істер министрінің орынбасары болып істеді.
Айта кетейік, ол бұған дейін ҚР Премьер-министрінің орынбасары болған Тамара Дүйсенова Президенттің көмекшісі болып тағайындалған болатын.