Тағайындау

Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына, ал Дәурен Тілекұлы Ерғарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.