Тағайындау

Бауыржан Ералы Сарыарқа ауданының әкімі болып тағайындалды

Астанада Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Сарыарқа ауданының әкімі болып Бауыржан Ералы тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.

Бауыржан Ералы еңбек жолын Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің инспекторы лауазымынан бастаған. Әр жылдары сарапшы, «Ахуалдық орталық» басқармасының бас сарапшысы, «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасы басшысының орынбасары м.а. лауазымдарын атқарды. 

2022 жылы «ҚР Қаржы министрлігі МКК бас диспетчерлік басқармасы» РММ басшысының орынбасары болып еңбек етті. Тағайындалғанға дейін елорда әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында аудан әкіміне аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет қойылды.

-->