Байқоңыр ауданына жаңа әкім тағайындалды
Астанада Президент Әкімшілігі және қалалық мәслихат депутаттарымен келісім бойынша Байқоңыр ауданының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымға Талғат Рахманберді тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.
Ол еңбек жолын 2004 жылы «Жамбыл облысының студенттер мен жастар одағы» жастар қоғамдық бірлестігінен бастаған (Тараз қ.). Әр жылдары «Астана қаласының студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы» қоғамдық бірлестігін басқарды, ҚР Бас прокуратура институтының (Астана қ.) қылмыстық процестің және жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша біліктілікті арттыру бөлімінде аға прокурор, «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы және т.б. қызметтерін атқарды.
2016 жылдың сәуірінен 2019 жылғы наурызға дейін Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, 2019 жылғы сәуірден бастап «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Соңғы жылдары «Астана қаласының Қоғамдық даму басқармасы» ММ, «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы, қала әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді.
-->