Қазақстанның жаңа Энергетика министрі тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
«Әділет» жоғары құқық мектебін және «Астана» университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы жеке меншік ұйымда бас маман болып бастаған.
2004-2012 жылдары мұнай саласындағы кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда болды.
2012-2016 жылдары KPMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді.
2016 жылдан 2022 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
2022 жылғы шілде айынан бастап 2023 жылғы маусым айына дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болып қызмет етті.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Энергетика вице-министрі болып қызмет атқарды.