Қазақстанның бірқатар мемлекеттегі елшілері тағайындалды
Президенттің Жарлығымен Қазақстанның Моңғолия, Шри-Ланка және Даниядағы елшілері тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.