Қазақстан триатлон федерациясының жаңа президенті сайланды
Астанада Қазақстан триатлон федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, федерацияның 2023-2024 жылдардағы қызметінің қорытындылары шығарылып, одан әрі дамытудың басым бағыттары айқындалды. Сондай-ақ федерация президентін сайлау рәсімі өткізілді.
Дауыс беру нәтижесі бойынша Ержан Біржанов аталған спорттық ұйымның президенті болып сайланды. Бұған дейін ол бірінші вице-президент қызметін атқарған болатын.
Конференция барысында федерация қызметінің тиімділігін арттыру және мемлекеттік органдармен, спорттық ұйымдармен, өңірлік құрылымдармен өзара ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ұсыныстар да қаралды.