Жүсіп Жұмағұлов Нұра ауданының әкімі болып тағайындалды
Астанада Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Нұра ауданының әкімі қызметіне Жүсіп Жұмағұлов тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.
Жүсіп Жұмағұлов – Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Еңбек жолын елорданың Инвестициялар және даму басқармасының маманы лауазымынан бастаған. 2016 жылдан 2019 жылға дейін «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшысының орынбасары, елорданың Қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2020 жылдан бастап елорда әкімі аппараты басшысының орынбасары болып еңбек етті. 2022 жылдың ақпан айынан бастап Сарыарқа ауданының әкімі қызметін атқарды.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында аудан әкіміне елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет қойылды.
-->Астанада Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Нұра ауданының әкімі қызметіне Жүсіп Жұмағұлов тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.