Астана қаласының мәслихатына жаңа төраға сайланды
Астана қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе бойынша мәслихаттың кезектен тыс сессиясы аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сессия қорытындысы бойынша Зейнұлқабден Табиғат Астана қаласы мәслихатының төрағасы болып сайланды. Ол бұған дейін «Астана су» мекемесін басқарды.
Мәслихаттың бұған дейінгі төрағасы Ерлан Қаналимовтің өкілеттілігі өз өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды.