Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жаңа орынбасар тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ Нұрлан Әбдірахманов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.