Алексей Цой Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Алексей Цой 1977 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
Білімі:
– 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын бітіріп, дәрігер мамандығын алған.
– 2007 жылы «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтының заң факультетін тәмамдап, заңгер мамандығын иеленген.
Еңбек жолы:
– 2001-2007 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық ғылыми медициналық орталығында» хирург-эндоскопист болып жұмыс істеді.
– 2002-2004 жылдары GlaxoSmithKline фармацевтикалық компаниясының Астана қаласы бойынша аймақтық даму менеджері қызметін атқарды.
– 2007 жылдан бастап Президент Іс басқармасы жүйесіндегі Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығында жетекші ғылыми қызметкер, кейін директор болды.
– 2010-2011 жылдары Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы болды.
– 2011-2014 жылдары Астана қаласы әкімдігіне қарасты №1 қалалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарды.
– 2014-2017 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі.
– 2017-2019 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.
– 2019 жылдың ақпанынан бастап – Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы.
– 2020 жылғы 22 маусымнан бастап – ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.