Серік Жұманғарин вице-премьер – Сауда министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды
Серік Мақашұлы Жұманғарин 1969 жылы туған. 1993 – 2004 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысты. 2005 – 2006 жылдары – Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы. 2006 – 2007 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары. 2007 – 2008 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; Аталған агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры. 2008 – 2010 жылдары – ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2010 – 2011 жылдары - «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 2012 – 2013 жылдары – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы. 2013 – 2014 жылдары – ҚР Өңірлік даму вице-министрі. 2014 – 2017 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы. 2019-2020 жылдары – Б әсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (Министр).
Ал Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды.
-->Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды, - делінген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.