Тағайындау

EL ARNA телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

Бұл туралы «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли facebook-парақшасында жазды. 

-->

Бұл туралы «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли facebook-парақшасында жазды. 

Бүгін EL ARNA ұжымына жаңа директорды таныстырдым. Бұл жауапты қызметке белгілі тележурналист Нұрбол Алманов тағайындалды.

Нұрбол Мейірханұлы - отандық тележурналистика саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан кәсіби біліктілігі жоғары, тәжірибелі маман. Ол «Таң», «НТК», «Қазақстан», «Хабар» сияқты республикалық телеарналарда жемісті еңбек етіп, бірқатар авторлық жобаларға жетекшілік етті. Сонымен қатар, партия жұмысына белсенді араласып, қоғамдық-саяси салада мол тәжірибе жинады. Соңғы уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Жол активтері ұлттық сапа орталығының Қоғаммен байланыс департаментін басқарды.

Жаңа директорды таныстыра отырып, EL ARNA ұжымымен ағымдағы жұмыс барысы мен алдағы жоспарлар туралы талқыладық. Атап айтқанда, арнаның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, танымдық және ойын-сауық бағытындағы жаңа жобаларды көбейтіп, жастар аудиториясын кеңінен тартуды мақсат етіп отырғанымызды айттық. Сонымен қатар, арнадан көрсетілетін хабарларды ғаламторда және өзге де мультимедиялық платформалар арқылы таратуға басымдық беріледі, – деп жазды Берік Уәли.