Тағайындау

Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Тамара Дүйсенова Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірді, мамандығы – инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.

1988 – 1992 жылдары Өзбек ССР-нің Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Экономика ғылыми зерттеу институтының экономисі болып жұмыс істеді;

1992-1993 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі;

1993-1994 жылдары – «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы;

1994-1997 жылдары – Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары;

1997-1999 жылдары – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары;

1999- 2002 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2002-2006 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі;

2006-2008 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2008-2013 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (02.2013-06.2013); Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2013-2014);

2014-2017 жылдары – Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

2017-2018 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

2018-2019 жылдары – Nur Otan париясының хатшысы.

2020 жылдан бері ҚР Президентінің көмекшісі, Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

-->

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын, – делінген Президент Жарлығында.