Тағайындау

Данияр Қадыров Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды

Данияр Қадыров 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.

2000-2004 жылдары — ҚР Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарған.

2004-2005 жылдары — ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары; жастар және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

2005-2007 жылдары — Степногорск қаласы әкімінің орынбасары.

2007 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі болды.

2007-2013 жылдары — ҚР Моңғолиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2013-2015 жылдары — ҚР Түрікменстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2015-2019 жылдары — «ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры.

2019 жылдан бастап қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

-->

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, – делінген хабарламада.