Баталов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы болып сайланды
«Атамекен» ҰКП кезектен тыс ІХ съезінде Райымбек Баталовтың кандидатурасын Ұлттық палатаның төралқа мүшелері ұсынды. Съезд делегаттары дауыс берді. Олардың 255-сі қолдады, 9-ы қарсы болды, 38-і дауыс беруден бас тартты.
-->«Атамекен» ҰКП кезектен тыс ІХ съезінде Райымбек Баталовтың кандидатурасын Ұлттық палатаның төралқа мүшелері ұсынды. Съезд делегаттары дауыс берді. Олардың 255-сі қолдады, 9-ы қарсы болды, 38-і дауыс беруден бас тартты.
«Палатаны реформалау үшін күш-жігерімді салатыныма уәде етемін. Бәріміз жаңа Палатада жұмыс істейтінімізге сенімдімін. Жұмыс істейік», – деді Райымбек Баталов.