Тағайындау

Айболат Жәудір Қаллеки театрының директоры болып тағайындалды

-->

Бұған дейін Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры қызметін атқарып келген Жұматаев Ернар Құрбанбекұлы қызметінен босатылып, орнына еліміздің бірқатар беделді театрларында басшылық қызмет атқарған Жаудыр Айболат Жанғалиұлы тағайындалды. Ернар Құрбанбекұлына Қаллеки театрын басқарудағы елеулі еңбегі үшін алғыс білдіремін! Айболат Жанғалиұлына жауапты қызметте абырой тілеймін!, – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында.