Тағайындау

Елорда әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Есет Байкен еңбек жолын Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекші маман қызметінен бастады. Әр жылдары Астана әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы, Астана әкімі аппаратының бас инспекторы, Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2016-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы хатшылығының сарапшысы, ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымдарын атқарды. 2020 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Берік Жәкенов еңбек жолын 2000 жылы Көкшетау қаласының Салық полициясы органдарынан бастады. 2002-2007 жылдары Теміртау қаласы бойынша Салық комитетінің жетекші және бас маманы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ әр жылдары Қарағанды облысының әкімдігінде, Қаржы министрлігінде қызмет атқарған.

2015 жылы Президент Әкімшілігі басшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарды, 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов орынбасарларына қаланы жүйелі дамыту жөнінде бірқатар міндеттер жүктеді.

-->