Тағайындау

Айнұр Карбозова KazGUU University басқарма төрағасының орынбасары болды

-->

Құрметті достар, M.Narikbayev KazGUU University басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаевтың шақыруымен басқарма төрағасының Стратегия бойынша орынбасары қызметіне кірісудемін.

Сондай-ақ, Мемлекеттік басқару академиясында көптен күткен авторлық курсым – «Этикалық көшбасшылық» тақырыбындағы лекциялар мен семинарлар топтамасын бастап жатырмын.

Әрине, «Болашақ» түлектері қауымдастығы кеңесінің мүшесі және Лондон экономика мектебі түлектері қауымдастығының аймақтық өкілі ретінде білім беру мәселелері, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға қызығушылықпен қатысамын.

Әдеттегідей тыңғылықты ой мен ұсыныстарды талқылауға дайынмын, – деп жазды ол.