Тағайындау

Президент Қазақстанның бірқатар елдегі төтенше және өкілетті елшісін тағайындады

-->

Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды, - делінген Жарлықта.