Спорт

Жібек Құламбаева алғаш рет WTA турнирінің жартылай финалына шықты

Жібек Құламбаева жұптық сында WTA 125 санатындағы Бари челленджер жарысының жартылай финалына өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші португалиялық Франчиска Хорхемен бірге ширек финалда аргентиналық Надя Подороска – румыниялық Ирина Барэнің меселін қайырды.

Қазақстандық-португалиялық жұп 7:5, 6:3 есебімен басым түсті.

Құламбаева – Хорхе финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, қазақстандық Анна Данилина – ресейлік Ирина Хромачёва немесе франциялық Эстелль Кашино – грузиялық Натела Дзаламидзе жұптарының қай жеңгенімен ойнайды.

-->