Спорт

Жеңіс Қасымбек V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқандарды марапаттады

Бүгін елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға және өткізуге үлкен үлес қосқан 17 адамға мемлекеттік наградалар салтанатты түрде табысталды. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астанада өткен бұл шараның қатысушылары «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Шапағат» медалі, сондай-ақ Мемлекет басшысының алғыс хаттары мен грамоталарымен марапатталды. Марапаттарды елорда әкімі Жеңіс Қасымбек табыстады.

«8-13 қыркүйек аралығында өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 90-ға жуық елден 2 500-ден астам спортшы қатысты. Сайыстар 97 спорт түрі бойынша өткізілді. Қазақстан ұлттық құрамасы 43 алтын, 32 күміс және 37 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Медальдық есепте екінші орынды Қырғызстан командасы иеленсе, үшінші орын Өзбекстан спортшыларына бұйырды», - деп жазды Е.Каналимов.