Спорт

Жеңіс Қасымбек қалалық жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды

Бұл туралы Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

 

-->

 

Бүгін Астана қаласы жеңіл атлетика федерациясының кезекті сайланбалы конференциясы өтті.  Конференция мүшелерінің шешімімен Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы федерация президенті болып сайланды. Жиын барысында қалымыздағы жеңіл атлетиканы дамыту, сондай-ақ жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, спортшылардың деңгейін көтеру сияқты маңызды міндеттер талқыланды. Жиынға Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының Президенті Даниал Ахметов және қалалық жеңіл атлетика федерациясының мүшелері қатысты,- деп жазды Даниал Ахметов.