Спорт

Жасөспірімдер Азиадасы: қазақстандық спортшы жүзуден қола жүлдегер атанды

Қазақстандық жүзуші Александр Румынский Манама (Бахрейн) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Спортшы 200 метрге арқамен жүзу сайысында финалға жолдама алды.

Шешуші кезеңде Румынский үшінші нәтиже көрсетті. Ол мәреге 02:03.97 уақытымен жетті.

Бірінші орынды Тайбэйлік Ю-тен Хуан (02:01.96) иеленсе, күміс медаль қытайлық Шици Цзиге (02:02.57) бұйырды. 

Айта кетсек, Бейбарыс Ерсейіт 1 күміс, 1 қола алған еді.