Спорт

Жарыс кезінде есінен танып қалған ауыр атлет періштелерді көргенін айтқан

Армения астанасын Ереванда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатында румыниялық спортшы қыз есінен танып қалды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы РИА Новости Спорт сайты жазды. 

55 келіде сынға түскен Андреа Котрута жарыс кезінде есінен танып қалды. 19 жастағы спортшы серпе көтерудегі екінші мүмкіндігін орындау кезінде өзін жайсыз сезінген. 

Десе де, есінен танып қалған спортшы аяққа тұрып, жаттығу бөлмесіне аттанды. Көп мөлшерде су ішкен спортшыны бапкерлері қалыпқа келтіріп, Андреа 110 келіні еңсерді.

Нәтижесінде, қоссайыс бағдарламасында 210 келіні бағындырып, Еуропа чемпионы атанды. 

-->

Мен не болғанын білмей қалдым. Сол сәтте періштелерді, залда ұшып жүрген адамдарды көрдім де, құлап қалдым, - дейді Котрута.