Спорт

Жандос Қиянов: Пара Азия ойындарында 3 алтын алуымыз заңдылық

Ханчжоуда өткен Азия Пара ойындарында ең көп жүлде сыйлаған спорт - пара дзюдо. Осы орайда құраманы баптайтын Жандос Қиянов Elorda info тілшісіне сұхбат берді.

-Азия Пара ойындарына бармас бұрын неше медаль алуды жоспарладыңыздар? 

 

-Азия ойындарына назар аударсақ, Астана, Алматы, Шымкент мегаполистерінен спортшылар көп шығады. Ал Пара спортта Атырау облысы бірінші орында тұр. Бұның себебі неде деп ойлайсыз? 

-Пара Азия ойындарында 3 алтын жеңіп алдыңыздар. Бірақ бұған дейінгі турнирде мүлдем чемпион атанбапсыздар? 

-Әлем чемпионаты мен Пара Азия ойындарын салыстырсақ, алтын саны шамалас. Басты қарсыластарыңыз Азия құрлығының спортшылары санала ма? 

-Құрамадағы спортшылардың біршамасы 30-40 жастан асқан. Олардың орнын алмастырар буын бар ма? Пара дзюдомен айналысатындардың саны қаншалықты өсті? 

-Дәл қазір 19 спортшының 14-і жүлде алып, ел алғысына бөлендіңіздер? Алайда алда қандай кемшіліктермен жұмыс істеу керек?

-Сұхбатыңызға рақмет!

Қанат Байұзақ

-->

-Азия Пара ойындарына бармас бұрын неше медаль алуды жоспарладыңыздар? 

Ханчжоуда өткен IV Азия Пара ойындарына Қазақстан 13 спорт түрінен сынға түсті. Оның ішінде пара дзюдодан ең көп 19 адам қатысты. Жарыс басталмас бұрын шамамен 14 жүлде (3 алтын, 4 күміс, 7 қола) алатындығымызды жоспарладым. Алайда кей спортшылар үмітті ақтамаса, кейбірі күтпеген жоғары нәтижеге қол жеткізді. Осылайша жерлестеріміз бір-бірінің орнын толтырды. Дегенмен, Пара Азия ойындарына санаулы күндер қалғанда, ерлер мен қыздардың командалық сайысы болмайтындығы көңілімізді түсірді. Себебі, біз әлем чемпионатында командалық бәсекеде чемпион атанған едік. 

 

-Азия ойындарына назар аударсақ, Астана, Алматы, Шымкент мегаполистерінен спортшылар көп шығады. Ал Пара спортта Атырау облысы бірінші орында тұр. Бұның себебі неде деп ойлайсыз? 

Азия ойындарында Атырау облысынан 11 адам қатысса, Азия Пара ойындарында Атыраудан 27 адам ел намысын қорғады. Бұған Атырау облысының пара спортқа деген лайықты түрде көңіл бөлініп жатқаны себеп болып тұр деп, ойлаймын. Атырау облысына пара дзюдо мен пара волейболдан көп споршылар тиесілі. Бірақ пара дзюдо спорты Астана қаласы, Қостанай облысы, БҚО, Қызылорда облысы, Ақтөбе облысы т.б өңірлерде дамып келеді. Оның дәлелі ретінде 19 спортшының 7-уі ғана Атыраудың атынан қатысқанын айтуға болады.

-Пара Азия ойындарында 3 алтын жеңіп алдыңыздар. Бірақ бұған дейінгі турнирде мүлдем чемпион атанбапсыздар? 

Елімізден ең алғаш 2014 жылы Инчхонда өткен Азия Пара ойындарына бір ғана Әнуар Сариев ел намысын қорғап, 7-орынмен сайысты аяқтаған еді. 2018 жылы Джакартада 7 спортшы жүлдеге таласты. Азамат Тұрымбетов күміс жүлдеге, Теміржан Дәулет пен ерлер құрамасы қола жүлдеге қол созды. 5 жыл ішінде пара дзюдо қарқынды дамып, Токио Паралимпиадасында 3 күміс алды. Әлем чемпионатында да бірнеше чемпиондар щықты. Сондықтан Пара Азия ойындарында 3 алтын алуымыз заңдылық.

-Әлем чемпионаты мен Пара Азия ойындарын салыстырсақ, алтын саны шамалас. Басты қарсыластарыңыз Азия құрлығының спортшылары санала ма? 

Пара Азия ойындарында Қытай, Иран, Өзбекстан елдері басты қарсыластар ретінде саналды. 2022 жылы Әзербайжанда өткен пара әлем чемпионатының қорытынды кестесіне аназар аударсаңыз, Иран 3 алтынмен жалпы есепте 3-орынға тұрақтаған. Өзбекстан 1 қола алғанымен, олармен де санасуға тиіспіз. 3 күнге созылған Пара дзюдода жарысында Қытай - 5 алтын, біз – 3 алтын, Иран – 2 алтынға ие болды.

-Құрамадағы спортшылардың біршамасы 30-40 жастан асқан. Олардың орнын алмастырар буын бар ма? Пара дзюдомен айналысатындардың саны қаншалықты өсті? 

Қазір пара дзюдо құрамамыздың орташа жасы 35-ті құрайды. Сондықтан буын алмасу үрдісі жүріп жатыр. Соның бірі – 17 жастағы Альфия. Жастығына қарамастан, Астанадағы Азия біріншілігінде топ жарып үлгерді. Тағы да бірнеше жас пара дзюдошылар қатарды толықтырып, аға-әпкелерінің жеңісті жолын қайталап, басып озады деп сенеміз. 

Кейінгі ел чемпионатында 100-ге жуық пара дзюдошы жүлдеге таласты. Бұл жыл сайын спортшылардың қатары артып жатқанын білдіреді.

-Дәл қазір 19 спортшының 14-і жүлде алып, ел алғысына бөлендіңіздер? Алайда алда қандай кемшіліктермен жұмыс істеу керек?

Басында айтқандай бірнеше жерлесіміз қателікке бой алдырып қойды. Кейбірі қателіктермен жұмыс істеп, нәтиже шығара білді. Алдағы уақытта спортшылардың тәжірибелерін арттырып, Париж Паралимпиадасында жоғары нәтиже көрсетуге тырысады.

-Сұхбатыңызға рақмет!

Қанат Байұзақ