Спорт

Жанқош Тұраровтың 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды

Боксшы Жанқош Тұраров осы аптаға жоспарланған жекпе жегі өтпейтін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ассалаумағалейкум, достар! 28- қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң жақ иығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды, қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлайтын боламын», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.