Спорт

Жүзуден әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz

Жүзуден Қазақстан атынан әлем біріншілігіне алты спортшы қатысады.

Төменде жарысқа баратын отандастарымыздың тізімі көрсетілген:

- Әділбек Мусин (50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу);

- Ксения Игнатова (100 метрге арқамен жүзу);

- Аделаида Пчелинцева (50 метрге брасс әдісімен жүзу);

- Софья Сподаренко (50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу);

- Арсен Қожахметов (50 метрге брасс әдісімен жүзу);

- Глеб Коваленя (50 метрге арқамен жүзу).

Айта кетейік, жүзуден сайыстар 27 шілдеде басталады.