Спорт

Жәния Бекмұхамбетова Болгариядағы турнирде топ жарды

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Панагюриште қаласында (Болгария) өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыста топ жарды.

Ол болгарилық Радина Захариеваны, Мартина Николованы, Белослава Балканскаяны, словакиялық Вивьен Мурковты, румыниялық Карисс Сербан мен Бьянка Томуды сенімді түрде жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.