Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлерін бәс тікпеуге шақырды
Кәсіпқой бокста WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) букмекерлік кеңседе бәс тікпеуге шақырды, деп хабарлады Elorda.info.
Айта кетейік, жерлесіміз ертең чемпиондық атағын қорғау үшін, Канада боксшы Стив Батлермен (32-3-1, 26 КО) айқас өткізеді.
-->Кәсіпқой бокста WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) букмекерлік кеңседе бәс тікпеуге шақырды, деп хабарлады Elorda.info.
Жігіттер, бауырлар! Жекпе-жегіме ставка қоймауларыңызды сұраймын. Бәс тігу дегенің қарыз алу, алдау, босқа үміттену, мал-мүлкіңнен айырылу. Оның соңы отбасының берекесін құрту және ажырасу. Сіздер маған жанкүйерсіздер. Мен де өз жанкүйерлерінің бақытты отбасы болуына жанкүйермін. Жақсылықта, жеңісте жүздесейік! ,- деді боксшы.
Айта кетейік, жерлесіміз ертең чемпиондық атағын қорғау үшін, Канада боксшы Стив Батлермен (32-3-1, 26 КО) айқас өткізеді.