Спорт

Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда Эрисланди Ларамен жұдырықтасады

Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) 6 желтоқсанда Сан-Антониода кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жек — со-главное событие кеші болып, Әлімханұлы алғаш рет PPV жүйесінде (ақылы трансляцияда) өнер көрсетеді, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Қазақ боксшысы WBO және IBF белбеулерін қорғайды, ал Лара рингке WBA чемпионы ретінде шығады. Жеңіс жағдайында Жәнібек үшінші әлемдік титулды иеленіп, орта салмақтағы абсолют чемпиондыққа тағы бір қадам жақындайды.

Кештің басты жекпе-жегі — Исаак «Питбуль» Крус пен Ламонт Роуч арасындағы уақытша WBC титулы үшін айқас.