Спорт

Өзбекстан чемпионатында екі этникалық қазақ чемпион атанды

Бокстан Өзбекстан чемпионаты аяқталды. 13 салмақ дәрежесі бойынша өткен жарыста қаны қазақ боксшылар да қатысып, жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлады Elordainfo.kz

Жарысқа қатысқан 15 қазақ боксшысы арасынан 6-ауы жүлделі орыннан көрінді. 63,5 келі салмақта Руслан Абдуллаев жарыс жеңімпазы атанды. Ал 60 келі салмақта Мадияр Данияров топ жарды. 

Финалға шыққан Мадияр Сайдрахимов (92 келі) пен Арман Маханов (+92 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Ал Саят Ілиясов (54 келі) пен Сабыржан Тастанов (63,5 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.