Зайнутдинов ұлттық құраманың қараша айындағы ойындарына қатыспайды
Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құраманың қараша айында өтетін ойындарына шақырту алмады.
Футболшы Солтүстік Македониямен өткен ойында алған сары қағазы мен клуб сапында алған жарақатына байланысты Бельгия және Фарер аралдарымен өтетін ойынға қатыса алмайды.