«Жасай бер, жайна, Астанам»: бұқаралық велошеруге 700-ге жуық әуесқой спортшы қатысты
Астана күніне орай елордада бұқаралық велошеру ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Велосипед маусымы басталғалы бері «Жасыл белдеу» аумағында 4-ші мәрте бұқаралық велошеру өткізіліп жатыр. Осы жолғы шара Астана қаласының туған күніне арналды.
Жаз мезгілі мектеп оқушылары мен көптеген қызметкерлердің демалыс уақытына сәйкес келгендіктен, үлкен қалаларға ағылатыны белгілі. Сондықтан да болар, кезекті велошеруге осы маусымдағы ең көп 605 әуесқой спортшы бас қосты.
Дәстүрлі 25 шақырымдық қашықтықты бағындыруға қатысушылар «Үркер» елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағына дейінгі аралықты жүріп өтті.
Бүгінгі велошеруге Астана қаласының тұрғындарынан бөлек, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Павлодар облысы және Шымкент мегаполисінен де қатысты.
Мерекенің соңында қатысушылар арасында лотереямен ойнатылып, сыйлықтар табысталды.
-->Велосипед маусымы басталғалы бері «Жасыл белдеу» аумағында 4-ші мәрте бұқаралық велошеру өткізіліп жатыр. Осы жолғы шара Астана қаласының туған күніне арналды.
Жаз мезгілі мектеп оқушылары мен көптеген қызметкерлердің демалыс уақытына сәйкес келгендіктен, үлкен қалаларға ағылатыны белгілі. Сондықтан да болар, кезекті велошеруге осы маусымдағы ең көп 605 әуесқой спортшы бас қосты.
Дәстүрлі 25 шақырымдық қашықтықты бағындыруға қатысушылар «Үркер» елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағына дейінгі аралықты жүріп өтті.
Атырау облысынан келдім. Қазіргі уақытта Астанада оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Алдағы күндері велошосседен чемпионатқа қатысамыз. Бүгін демалыс болғандықтан, жаттығудан бөлек, «Жасыл белдеуді» де көрдім. Жап-жасыл. Ауасы таза, тып-тыныш. Жол бойы керемет суреттерге түсіп келдік. Қала күні уақытына тұспа-тұс келгенімізге қуаныштымын!, — деді Жантілек Жолдас.
Бүгінгі велошеруге Астана қаласының тұрғындарынан бөлек, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Павлодар облысы және Шымкент мегаполисінен де қатысты.
Астана қаласы жыл сайын кеңейіп, спорттық орталыққа айналып келеді. Әр апта сайын бұқаралық мақсатта жүгіру, велоспорт т.б жарыстар жиі өтеді. Ал «Жасыл белдеудің» орны бөлек. Кәдімгідей сергіп қаласың. Ауа-райы да өте қолайлы болды. Шара соңында лотереядан велосипед те ұтып алдым. Бұл да мен үшін қосымша қуаныш. Баршаңызды келе жатқан қала күнімен құттықтаймын!,- деп қала тұрғыны Серік Халелов өз қуанышымен бөлісті.
Мерекенің соңында қатысушылар арасында лотереямен ойнатылып, сыйлықтар табысталды.