Спорт

Қысқы Азия ойындары: Қазақстандық шорт-трекшілер ширек финалға өтті

Шорт-тректен ерлер арасында 1000 метр қашықтықта сынға түскен Қазақстан құрамасының барлық үш спортшысы 2025 жылғы Азия ойындарының ширек финалына өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Айбек Насен өз жарысында екінші орын алды. Глеб Ивченко бірінші болып мәре сызығын кесті. Сондай-ақ Әділ Ғалиахметов те жеңімпаз атанды.

Спортшылар 9 ақпанда өтетін ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, жарыс Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатыр.