Спорт

WTA 500: Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ астанасы Вашингтонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы беделді турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына жариялады.

Ширек финалдағы кездесуде Рыбакина әлемдік рейтингте 24-орында тұрған Польша өкілі Магдалена Френхты 6:3, 6:3 есебімен сенімді жеңді. Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.

«Финалға жолдама үшін Елена канадалық теннисші Лейла Фернандеспен (WTA – 36-орын) кездеседі», – деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.